Сізді 9:00-ден 18:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық

Шымкент қалалық әзіл-сыкак, театрында «191» атты жаңа спектакльдің премьерасы өтті.

Алғашында жеңіл күлкі сыйлайтындай көрінген койылым көрерменді біртіндеп ойға жетелейтін мазмунымен ерекшеленді. Спектакль атауы Кылмыстык кодекстің 191-бабына негізделген. Бұл – тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашык түрде тартып алу. Режиссер Берік Ербатша осы тақырыпты сахнаға шығарып, адам өміріндегі бір сәттік шешімнің салдары кандай болатынын көрсете алған. Оқиға қарапайым пәтер ішінде өрбиді. Басында бәрі таныс: кунделікті әңгіме, тұрмыстық жағдай, жеңіл әзіл. Көрермен де соған еліп, еркін отырып көреді. Бірак уақыт өте келе сол күлкінің астарында баска мән бар екені сезіледі. Эр кейіпкердің әрекеті, әр сөздің салмағы байкала бастайды. Актерлік құрам көрерменге жақын, өмірден алынған бейнелерді усынды. Кайсар Ахметов сенімді, өз ісін дурыс санайтын кейіпкерді көрсетті. Казыбек Эуелбек ойнаған «таксист» – кепке таныс бейне, ез әрекетін түрлі сылтаумен ақтап үйренген адам. Ғалымжан Каппаров пәтер иесі релінде бір сәтте бәрі өзгеріп кетуі мүмкін екенін жеткізді. Лейла Кенжехан мен Акмарал Сулейменова сомдаған әйел кейіпкерлері оқиғаға жан бітіріп, шынайылык, косты. Ал Умсынай Базарбаева ойнаған Монсика есімді мысық сахнадағы жағдайды унсіз бақылап турғандай әсер қалдырды. Койылым бір деммен етеді. Артык сез де, бос көріністе жок. Ең бастысы – мунда «жаксы» немесе «жаман» деп кесіп айту қиын. Эркім өз әрекетіне өзі жауап береді деген ой анык сезіледі. Койылым сонында «191» атауы жай ғана зан бабы ретінде емес, адам өміріндегі әрбір әрекеттің жауапсыз қалмайтынын тусіндіреді. Театр ужымы ұсынған бұл туынды қоғамдағы өзекті мәселелерді қарапайым тілмен жеткізе отырып, көрерменге әсерлі ой тастайды.