Сізді 9:00-ден 18:00-ге дейін күтеміз
Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық
Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық
Театрдың музейін ашу көптен көңілде жүргендіктен 2012жылдан бастап сол кездегі театр директоры Б.Пірімбетовтің бастауымен музейін ашу үшін дайындық жүргізілді.
Музей жұмысының басқа жұмыстарға қарағанда өз ерекшелігі бар. Бұл жұмыс жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Сонау 1929жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан театрда қойылған спектакльдердің , түрлі іс-шаралардың мен әртүрлі суреттері сарапталып, жылдары анықталды. Оларды спектакльдерге бөліп, суреттердің сыртында кім екені, қай қойылым екенін анықтауда Мәжіт Жамбылұлы Ілиясқаров /ҚР Еңбегі сіңген қайраткер/ пен Молдиева Қымбат Махамбетқызы қыруар жұмыс жасады.
2015жылы театр күні қарсаңында «Театр көктемі 2015» фестивалі өтуімен қатар театрымызда музей ашылды. Театр музейіне театрдың тарихынан сыр шертетін спектакль суреттері, қолданылған атақты адамдардың киімдері мен заттары, спектакльдердің көрерменге жол тартар алдында қаншама еңбекті талап ететінінен хабардар ету мақсатында грим цехынан, бутафор цехынан, суретшілердің еңбегінен реквизиттер, макеттер түрлі бас киімдер қойылып келген зиялы қауым мен көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Театр музейінің қорында 30жылдардан бастап спектакльдердің, жеке артистердің түрлі іс-шаралардың суреттері, бағдарламалар, афишалар, театрымыз туралы жазылған мақалалар жазылған газет қиындылары, грамота, алғыс хаттар, артистердің қолжазбалары мен олар туралы мәліметтер, архивтік құжаттар, сондай-ақ кейінгі жылдары спектакльдер жазылған дисктер сақталған.
2017жылы Ж.Шаниннің 125жылдығын тойлау барысында Республикадан қонақтар шақырылып Шаниннің туыстары шақырылды. Ж.Шаниннің тікелей ұрпағы Болат Шаниинің ықпалымен Жұмат Шанниге қатысты барлық құжаттар жинақталып арнай Шанин бұрышы ашылды. Ол жерде Шаниннің қойған спектакльдері, отбасылық суреттері, репрессиға ұшырыған кездегі құжаттары, ақталып шыққан кездегі құжаттары, және ұрпақтарының суреттері және Ж.Шанин туралы айтқан зиялы қауымның айтқан сөздері қойылған болатын.
Шанин театрында қойылып жатқан спектакльдер және қызмет еткен артистер жайлы бірнеше кітапшалар, журналдар шығарылды. Бұл еңбектер – оқырмандарға, театртанушы жастарға театр туралы көп мағұлмат алып ары қарай зерттеу жұмыстарын жүргізуге өз септігін тигізеді.
Қазіргі уақытта барлық сақталған жәдігерлердің түгелге жуық электрондық нұсқасы жасалынып бітті. Ендігі жерде осы сақталған бағалы жәдігерлерді абайлап қарап барынша күтім жасап, ары қарай да жыл сайын театр тарихына қатысты ақпаратттарды жинап толықтырып отыру керек.