Сізді 9:00-ден 18:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық

Ж. Шанин

Жаңалықтар

Басты бет   |   Жаңалықтар

«О, қала!» премьерасының екінші күні де аншлагпен өтті

Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналған «О, қала!» музыкалық драмасы сахналанды.

Бұл қойылым – композитордың әндерін тыңдап, актерлердің өнерін тамашалап қайтатын кеш болған жоқ. Театрға кірген көрермен, Ержан Серікбаевтың шығармашылық әлеміне бірден енеді. Себебі, қойылым басталғанға дейін Ержан Серікбаевтың орындауындағы әндер шырқалып тұрды. Фойеде композитордың музыкалық аспаптары қойылып, өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрсетілім ұйымдастырылды.

Сахнадағы оқиға да осы желіні жалғастырды. «О, қала!» музыкалық драмасында Ержан Серікбаевтың 70-ке жуық әнінің 18-і қамтылған. Әр әннің өзіндік тарихы бар. Қойылымда шығармалардың қалай туғаны, оған қандай оқиғалар себеп болғаны ән мен сахналық көрініс арқылы беріледі.

Көрермен Ержан Серікбаевты тек әнші-композитор ретінде емес, өмірінің әр кезеңін тереңірек таниды. Оның кәсіби боксқа ден қойған шағы, шығармашылыққа келуі, музыка әлеміндегі қалыптасу жолы да қойылымнан орын алған. Өмір жолы мен әндері қатар өріліп, композитордың шығармашылық болмысын аша түскен.

«О, қала!» музыкалық драмасы алдағы уақытта да театр репертуарында көрерменге ұсынылады.

Facebook
WhatsApp
Telegram

Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтан хабардар болыңыз!

This site is protected by reCAPTCHA; the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.