Сізді 9:00-ден 18:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық

Ж. Шанин

Жаңалықтар

Басты бет   |   Жаңалықтар

Шымкент пен Маңғыстау театрлары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры мен Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім екі шығармашылық ұжымның кәсіби байланысын нығайтып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.

Меморандумға қол қою екі театр арасындағы гастрольдік кездесулерді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Театр ұжымдары тәжірибе алмасып, шығармашылық ізденістерін ортақ жобалар арқылы ұштастыруға, сахналық өнердің жаңа бағыттарын дамытуға ниетті.

Өңірлік театрлардың өзара байланысы ұлттық сахна өнерінің дамуы үшін маңызды. Мұндай әріптестік шығармашылық ұжымдардың репертуарын байытуға, актерлер мен режиссерлердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге және көрерменге жаңа қойылымдар ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әр өңірдің мәдени тынысын танытып, театрлар арасындағы тәжірибе алмасудың аясын кеңейтеді.

Шымкент пен Маңғыстау театрларының жаңа келісімі алдағы шығармашылық жобаларға негіз болып, екі ұжымның ортақ бастамаларына серпін бермек. Бұл қадам отандық театр өнерінің өрісін кеңейтіп, өңіраралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Facebook
WhatsApp
Telegram

Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтан хабардар болыңыз!

This site is protected by reCAPTCHA; the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.