Сізді 9:00-ден 18:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық

Ж. Шанин

Жаңалықтар

Басты бет   |   Жаңалықтар

Маңғыстау өңіріндегі гастрольдік сапар сәтті аяқталды

Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының Маңғыстау өңіріндегі гастрольдік сапары жоғары деңгейде өтті. Сахна мен зал арасындағы рухани байланыс, қойылымнан кейінгі әсерлі сәттер театр ұжымына тың шабыт сыйлады.

Гастроль аясында ұсынылған «Тастамашы, Ана!» драмасына ақтаулықтардың қызығушылығы ерекше болды. Көрермен сұранысының артуына байланысты қойылым қосымша екі сеанста сахналанды. Бұл – театр ұжымының еңбегіне берілген баға ғана емес, сахналық туындының көрермен жүрегіне жол тапқанының да белгісі.

Театр үшін гастрольдік сапардың мәні – өзге өңірдің көрерменімен жүздесіп қана қоймай, өнер арқылы ортақ сезім мен ойды бөлісу. Әр қойылымнан кейінгі көрермен ықыласы әртістерге жаңа күш беріп, шығармашылық ізденіске жігерлендіреді. Ақтаудағы кездесулер де осындай әсерлі сәттерге толы болды.

Маңғыстау өңіріндегі гастрольдік сапар Жаңаөзен қаласында да жалғасын тапты. Алдағы уақытта Ақтау мен Жаңаөзен көрермендерімен қайта қауышу жоспардан тыс қалмайды. Театр ұжымы өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, қазақ драматургиясының үздік туындыларын кеңінен насихаттауды жалғастырады.

Ендігі кезек – Атырау қаласында. Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры 17 және 18 қазан күндері Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында көрерменге «Тастамашы, Ана!» драмасын ұсынады.

Facebook
WhatsApp
Telegram

Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтан хабардар болыңыз!

This site is protected by reCAPTCHA; the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.