Сізді 9:00-ден 18:00-ге дейін күтеміз

Кассалар 9:00-ден 17:00-ге дейін ашық

Ж. Шанин

Жаңалықтар

Басты бет   |   Жаңалықтар

Ж.Шанин театрының гастрольдік сапары Атырауда түйінделді

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының күзгі гастрольдік сапары Атырау қаласында қорытындыланды. 17–18 қазан күндері Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында «Тастамашы, Ана!» драмасы қойылып, атыраулық көрерменнің жоғары бағасына ие болды.

Шынайы оқиғаға негізделген спектакль балалар үйіндегі сан түрлі тағдырды баяндай отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайды. Қойылымның көркемдік мазмұны мен сахналық шешімі көрерменге ой салып, театр мен көрермен арасындағы рухани байланыстың маңызын көрсетті.

14–18 қазан аралығында өткен гастрольдік сапар Қарағанды, Астана, Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларын қамтыды. Театр ұжымы еліміздің бірнеше өңірінде өнер көрсетіп, шымкенттік театрдың шығармашылық әлеуетін танытты.

Күзгі гастрольдік сапар театрдың жыл сайынғы дәстүрлі жұмыстарының біріне айналған. Мұндай мәдени байланыстар өңірлер арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық театр өнерінің өрісін кеңейтуге ықпал етеді.

Атыраудағы қойылыммен бес қаланы қамтыған өнер сапары аяқталды. Театр ұжымы гастроль барысында қолдау білдірген көрерменге алғыс айтып, алдағы уақытта да тың туындыларымен жүздесуге ниетті.

Facebook
WhatsApp
Telegram

Соңғы жаңалықтар

Жаңалықтан хабардар болыңыз!

This site is protected by reCAPTCHA; the Google Privacy Policy and Terms of Service apply.